Атырау, 5 желтоқсан 12:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қанмен өтелген марапат

2 625 рет қаралды


Атырау шекаралық жасағының «Сазды» шекаралық заставасы бастығының орынбасары Ғибрат Мүсілім «2018 жыл шекарашысы» құрметті атағына ие болды.

10 қарашада Құрманғазы ауданында Мүсілім басшылық еткен жасақ табельдік қару қолданып, қаруланған шекара бұзушыны қолға түсірді.

Сол күні «Сазды» заставасына мемлекеттік шекара сызығына жақын маңнан жолқапшық арқалаған күмәнді субъектінің жүргені туралы жергілікті тұрғыннан ақпарат түскен. Шекарашылар сол жерге беттейді. Ғибрат Мүсілімнің жолқапшығын көрсету талабына белгісіз адам оған пышақ жарақатын салады. Ауыр жарақат алғанына қарамастан офицер қылмыскерді табельдік қарудан атып залалсыздандырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 желтоқсан 2018, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.