Атырау, 19 наурыз 07:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Шекарашыға пышақ салып, өзі оққа ұшты

2 657 просмотра


10 қарашада белгісіз біреу Атырау шекара жасағының «Сазды» заставасының нарядына шабуыл жасап, шекарашылардың біріне пышақ жарақатын салып, өзі қарсы атылған табельдік қарудан жараланды.

ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі баспасөз қызметінің ресми ақпараты бойынша, сол күні «Сазды» заставасына мемлекеттік шекара сызығынан иыққап арқалаған күдікті ер адам көргені туралы жергілікті тұрғыннан дабыл түскен. Сол жерге наряд аттанады. Иыққапта не бар екенін көрсету талап еткен  аға нарядқа ер адам пышақ салып, шекарашылардың табельдік қаруынан жараланады. Жаралы офицер жақын маңдағы Астрахан облысының Красный Яр ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалды. Қазіргі кезде жағдайы қанағаттанарлық. Жараланған қылмыскер қарауылмен Құрманғазы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

13 қараша 2018, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.