Атырау, 27 желтоқсан 00:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қaзақ қуыршақтары

6 794 просмотра

Продюсер әрі қазақстандық эстрада әншісі Қыдырәлі БОЛМАНОВ атыраулық балақайлардың зердесіне төңкеріс жасауды жоспарлап отыр.

Болманов бір жарым жылдан бері қазақ тілінде ән айтатын және қазақ тілінде сөйлейтін ойыншықтар шығарумен айналысады. Жатжерлік мультфильм кейіпкерлерінің орнына Алдар Көсе, Тазша бала, Ер Төстік секілді қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін, ал Барби қуыршағының орнына жұбайының келбетімен жасалған Қарақат есімді қара шашты шығыс сұлуын енгізуге тырысуда.

«Бал-Бала» компаниясының ойыншықтары халық ертегілерінен ілікпе сөздер айтып, нәзік қуыршақ даусымен әуенге салып, қазақ халық биімен қозғалады, скейтбордта сырғанап, шеңберлер айналдырады. Жалпы, басқа заманауи қуыршақтар секілді бәрін жасайды. Тек басты ерекшелігі - әрқайсысынан ұлттық нақыштар сезіледі.

Болманов үшін қуыршақ жасау бизнес қана емес, ар-абырой ісі екені мәлім болды.

– Спанч Боб, Твинкс, Том мен Джерри және басқа да мультфильм кейіпкерлері балаларымызды қиял мен ақиқатты айыруға, адамгершілік нормаларына үйретпейді, қиялдау үшін кеңістік қалдырмайды. Бұлар жүгіріп, бір-бірін соққылайтын арзанқол дүниелер, бар болғаны сол ғана. Сәби дүниемен таныса бастағаннан осыны ұғына бастайды. Бұл дұрыс емес, - деп есептейді Қыдырәлі.

Әзірге сөйлейтін қуыршақтарға арналған детальдар Гонконгте жасалады екен. Бірақ Алматыда құрастырылып, киіндіріледі. Ол жерде арнайы құрастыратын цех бар. Болашақта Астанадан ойыншық зауытын салу жоспарланған, оған үш гектар жер бөлініпті.

Болмановтың растауынша, құрылымдау бюросына тек ойыншық жасаушылар ғана емес, балалар психикасының барлық нюанстарын ескеріп, ойыншықтардың әрбір сериясын мұқият ойластыратын балалар психологы мен дефектологтар да кіреді екен.

– Біз үнемі балабақша тәрбиешілерімен, мұғалімдермен жұмыс жасаймыз. Қуыршақ үшін олардың киімдерінің түсін, сөздерін, әндерін қаншалықты дұрыс таңдап отырмыз, соны  сұрастырамыз, - дейді Болманов. – Алайда ең алдымен өз балаларымның реакциясын байқаймын. Егер олар сүйсіне ойнаса, демек басқа да балаларға ұнайтын болғаны.

– Ал ойыншықтардың қауіпсіздігіне көңіл бөліп отырсыздар ма?

– Бұл бірінші орында. Біз қуыршақтарымыз үшін Қытайдан қосалқы бөлшектер алудан бас тарттық. Өйткені ол жерде материалдар мен тігін сапасына лайықты бақылау жасалмайды. Ойыншықтарымыздың барлығында – еуропалық сапа сертификаты бар. Қазақстанда олар қайталанып  тексерілген. Мен өз балаларым ойнайтын ойыншықтарға сенімді болуым тиіс қой. Бағасына келер болсақ, ол ресейлік сапалы ойыншықтардың құнынан жоғары болмайды.   

Анастасия ПАСТУХОВА

27 тамыз 2012, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.