Атырау, 29 қараша 04:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Су жоқ, жеңілдік болмайды – қайдағы кооперативтер?

2 477 просмотра


Ауылшаруашылық кооперативтерінің болашағы бұлыңғыр болғаны жөнінде «АЖ» бірнеше рет жазды. Осындай ахуал Жылыой ауданында да орын алған. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВПЕН әңгімелестік.

- Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы бастама көтерілгенде басында біраз жеңілдіктер қарастырылып еді, жыл өтпей жатып оларды алып тастады,- дейді Қуатбаев. - Шындығын айтсақ, шаруалар топтасып, кооператив құрып, ауыл шаруашылығы саласын өркендетеді дегенге сенбеймін.

-Шаруа қожалықтарын көтеру үшін не істеу керек?

- Түрлі жаңалықтар жасап, қағаз жүзінде кооперативтер ашуға болады, алайда шаруаларды басқа мәселелер алаңдатады. Мысалы, жем-шөп мәселесі. Соңғы екі жылда табиғи су келмей, Жем өзені жартылай қызыл топыраққа айналған. Шабындықтарға су шықпаған соң, өсімдіктер қурап қалды. Жылыойлық шаруалар қажетті шөптің 50 пайызын сырттан дайындауға мәжбүр болды. Алыстан жеткен жемшөп бағасы бірнеше есе қымбатқа түсетіні белгілі.

- Бұдан оншақты жыл бұрын ауданда дайындалған етті Теңіз кенішіндегі ірілі-ұсақты кәсіпорындарға тапсыру жөнінде мәселе көтерілді. Бұл шаруалар үшін етті лайықты бағаға жақын жерге өткізуге мүмкіндік берер еді.

-Бұл мүмкін емес. Себебі ауданда мал басы он жылдан бері 1-2 пайыз ғана өскен. Теңіз кенішіндегі кәсіпорындарды  үнемі етпен қамтамасыз ететін болсақ, онда қорада мал қалмас. Ең алдымен малды көбейтіп, асылдандыруға көңіл бөлу керек.    

- Егіншілік неге дамымай тұр?

- Климатымызға байланысты өңірде картоп сияқты дақылдарды өсіру мүмкін емес. Дегенмен, жыл санап егіншілікке бет бұрушылар аз болса да көбейіп келеді. Қазірдің өзінде он бір шаруашылық бар. Бізде су мәселесі қиын. Бұдан бес жыл бұрын су болмай егіншілер үлкен шығынға ұшыраған еді. Егіннің шығуы табиғи судың келуіне байланысты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 желтоқсан 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.