Атырау, 20 сәуір 13:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жемқорлықтың жазасы

3 210 просмотра


Атырауда биылғы шілде айында ұсталған «Транстелеком» АҚ облыстық филиалының басқарушы директоры (құрылтайшысы - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ)  Руслан ШЫРДАБАЕВ пен ТранстелекомАҚ филиалы магистральдық желісінің аумақтық учаскесінің басшысы Ерлан ҚАБЖАЛЕЛОВКЕ үкім шықты.

Шырдабаев пен оның қарамағындағы Қабжалеловті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері орындалған жұмыстардың жалған актілеріне, арнайы техниканы жалға алу келісімшарттарына қол қою, іссапар шығындары мен жанармайды заңсыз есептен шығару арқылы жалпы сомасы 3,2 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алған еді.

- Сот оларды 361-бап (Лауазымынын теріс пайдалану), 189-бап (Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу), 366-бап (Пара алу) бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте болу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады, - деп хабарлайды облыстық соттың қызметі баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, сотталушының екеуі де 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа және ірі айыппұлға тартылды. Шырдабаевты 83,9 миллион теңге, Кабжалеловті 4,9 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Фархат ӘБІЛОВ

16 желтоқсан 2018, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.