Атырау, 25 қараша 13:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау әкімі «дрифт» жасаған жүргізушілер үшін кешірім сұрады

2 250 просмотра


Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Фейсбуктегі өз парақшасында Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының алдында қызметтік көліктермен «дрифт» ұйымдастырған жүргізушілер үшін кешірім сұрады. Ол бұл көліктердің Атырау әкімдігіне тиесілі екенін растады. Құттымұратұлының айтуынша, жүргізушілер оны және басқа шенеуніктерді облыстық әкімшілікте болған жиналыстан алып кетуге келген кезде осылай «көңіл көтеруді» ұйғарыпты.

«Бұл бейне маған қатты ұнамады. Мұндай рұқсат етілмейтін істі бюджет қаражатына алынған қызметтік автокөліктермен жасау барлығымыздың атымызға кір келтіреді.

Көлік жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595 бабына (Маневр жасау қағидаларын бұзу) сәйкес хаттама толтырылды. Бұдан басқа,  автотұрақ басшысымен қызметтік ішкі тергеу жүргізілуде, тергеудің қорытындысымен көлік жүргізушілерге айыппұлдар салынып жұмыстан босатылуына дейін шаралар қолданылатын болады.

Бүгін біз мемлекеттік органдардың барлық жүргізушілерін жинап олармен профилактикалық сөйлесу жүргіздік. Мен өз атымнан және әріптестерімнің атынан бұл болған оқиға үшін қала тұрғындары мен қала қонақтарынан кешірім сұраймын», - деп жазды мұнайлы астананың әкімі.

Фархат ӘБІЛОВ

10 желтоқсан 2018, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.