Атырау, 2 қаңтар 11:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Әкімдік алдындағы «дрифт»

Бейнежазба
2 659 рет қаралды


Атырау қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге бейнежазба жүктепті: 6 желтоқсанда мықты көліктер облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы мұз басқан алаңда «пируэт» жасап жүр. Құдды дрифт секілді. Әдемі көрінеді, бірақ ...

- Әкімдік машиналарының істеп жүргендері осы. Бюджет ақшасына сатып алынған көліктердің жетегін жандырып жібереді ғой, - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Біз облыстық әкімдіктің өкілі Серікжан ЕРМЕНТАЕВТАН түсініктеме сұраған едік.

- Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр, машиналардың нөмірі мен жүргізушілердің жеке басы анықталуда, - дейді Ерментаев. – Егер олардың қызмет көліктері екені анықталса, жүргізушілер жазаға тартылады.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» анықтамасы: Дрифт (ағылшынша Drift) — көлікпен жолда барынша аса жоғары жылдамдықпен жүріп, бұрылу техникасы. Сайыстар асфальтта, мұзда, бұрылыстары көп трассаларда өткізіледі. Шыр айнала сырғып бұрылуға негізделген көлік спортының түрі.

7 желтоқсан 2018, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.