Атырау, 29 қараша 05:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Өлі табылған журналист Хашукджидің соңғы сөздері жарияланды

2 015 просмотра


CNN телеарнасы Ыстамбұлда өлі табылған Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашукджидің соңғы сөздерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

БАҚ өкілдерінің мәліметіне сәйкес, ол тыныс ала алмайтыны туралы айтқан. Телеарна қызметкері жазаланып жатқан журналистің аудиосын тыңдап көрген. Онда шу мен дене бөлшектелген кездегі дауыстар естілмеуі үшін музыка қосылып тұрған.  Узнать больше Повторить CNN мәліметтері бойынша, журналисті өлтіргендер уақыт өте оған қоңырау шалып, не болып жатқанын баяндап отырған.  

Еске салайық, Жамал Хашукджи 2 қазанда Ыстамбұлда Сауд Арабиясының дипломатиялық миссиясына келгенде өлі табылған болатын. Оған түрік азамшасымен жаңа некеге отыру үшін ажырасуды растайтын құжаттар қажет болған. Қалыңдық оны консулдық ғимараттың маңында күтіп тұрған.  

Сауд Арабиясының билік өкілдері 19 күннен кейін ғана журналистің өлімін растады, алайда оны қасақана жасалған қылмыс деп мәлімдеді. 15 қарашада патша прокуратурасы бес күдіктіні өлтіруді талап еткен болатын. Түркия басшылығы журналист өліміне 18 адам күдік деп отыр және оларды экстрадициялауды талап етіп жатыр. 

Жергілікті билік өкілдері қылмыс "қасақана ұйымдастырылды" дейді. Олардың соңғы нұсқасына сәйкес, алдымен ер адамды қинап, бөлшектегеннен кейін қылмыскерлер дипломатиялық құқығын пайдаланып денені шабаданмен Түркиядан шығарған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

10 желтоқсан 2018, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.