Атырау, 26 сәуір 07:23
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Google Android жүйесіндегі ескірген нұсқаларды қолдауды тоқтатады

1 519 просмотра


Google Android 4.0 Ice Cream Sandwich жүйесінде "Play маркет" қосымшасын қолдаудан бас тартты. Бұл операциялық жүйедегі смартфондардың қолданушыларына жаңарту туралы хабарламалар келмейтін болады. Бұл туралы компанияның ресми блогында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мамандардың айтуынша, бұл шешім жұмыс істейтін құрылғылар санының тым аздығымен байланысты. Android 4.0 Ice Cream Sandwich платформасында активтенген барлық Android-смартфондарының не бары 1 пайызы ғана жұмыс істейді. 

Бұл операциялық жүйе 2011 жылы іске қосылған. Google өкілдерінің сөзіне қарағанда, әлі де Ice Cream Sandwich жүйесінде жұмыс істеп отырған гаджеттер жүйе мен түрлі қосымшаларды жаңарту туралы хабарламалар алмайды. 

Ойындардың онлайн-магазині мен Google Play қосымшасын қолдау жабылады. Қалғаны өзгеріссіз қалады.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 желтоқсан 2018, 22:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.