Атырау, 19 желтоқсан 18:18
Түнде бұлыңғыр болады-3, таңертең -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 371.31  € 419.32  P 5.59

Трамп АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілін сайлады

7 желтоқсан 16:44


АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметіне Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт сайланды. 

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй басшысы Дональд Трамп осыдан бір ай бұрын Нойерт жаңа лауазымға лайықты деп баға берген. Осыған дейін аталған қызметті атқарған Никки Хейли өз еркімен отставкаға кететінін айтқан болатын. «New York Times» басылымы алдағы уақытта Никки Хейли Майкл Пенстің орнына Құрама Штаттарының вице-президенті болуы мүмкін деп жазды. 48 жастағы Хизер Нойерт біраз уақыт көлемінде танымал ABC News, Fox News телеарнасында тілші қызметінде болған. Кейіннен АҚШ Мемдепартаментінің баспасөз хатшысы болып қызмет етті.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

239 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет