Атырау, 25 қараша 13:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астрахан трассасындағы екі өлім үшін жүргізуші бес жыл алды

2 874 просмотра


Құрманғазы аудандық соты кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге үкім шығарды.  Бұл қайғылы оқиға 10 маусымда Атырау-Астрахан трассасында орын алған болатын: «Лада Ларгус» пен «Тойота Эстима» көліктерінің соқтығысуы нәтижесінде 2 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған еді.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық істі қарап шыққан сот көлік апатының «Лада Ларгустың» жүргізушісінің кінәсінен болғанын анықтады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол 6 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылумен қатар, 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 желтоқсан 2018, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.