Жексенбіде, 10 маусымда, Атырау-Астрахан трассасының Құрманғазы ауданындағы №9 разьезд тұсында адам шығыны бар жол-көлік оқиғасы болды.
Бейресми ақпар бойынша «Ларгус» пен «Тойота Эстима» көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапса, он адам түрлі жарақаттармен Құрманғазы аудандық ауруханаға түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, екі адамды санавиациямен Атырауға әкелген, қалғандары аудандық ауруханада ем алып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Куәгерлер түсірген суреттер