Атырау, 29 қараша 05:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Украина президенті Ресейдегі теңізшілерді босату үшін А. Меркельден көмек сұраған

2 233 просмотра


«Украина Ресеймен соғыс қаупі төніп тұрғандықтан, елде әскери жағдай енгізуге мәжбүр болды». Мұндай мәлімдемені президент Пётр Порошенко жасады. 

Оның айтуынша, Керчь бұғазындағы оқиғадан соң ол Ресей Президенті Владимир Путинмен хабарласуға тырысқан. Алайда одан ешбір жауап алмаған. 

Пётр Порошенко, Украина Президенті: 

– Керчьтегі оқиға болған күні президент Владимир Путинмен сөйлесуге тырыстым. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ. Сондықтан Германия канцлері Ангела Меркельмен тілдесіп, одан украиналық теңізшілерді босатуға көмектесуін сұрадым. 

Мәскеу Украина президенті тарапынан ешқандай қоңырау шалынбағанын мәлімдеді. 

Ал соңғы ақпарға қарағанда, Симферополь соты Керчь бұғазында ұсталған 24 теңізшінің 12-сін 2 айға дейін қамау туралы шешім шығарды. Қалғанына қатысты үкім бүгін шығарылмақ. 

Еске сала кетейік, Ресей шекарашылары жексенбі күні Керчь бұғазында Украинаның үш кемесін ұстады. Мәскеудің мәлімдеуінше, олар шекараны бұзған. Киев кемелер келісімшарт шеңберінде әрекет еткенін айтады. 

Дереккөз: 24.kz

28 қараша 2018, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.