Атырау, 29 қараша 06:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қытайда химиялық зауытта жойқын жарылыс болып, ондаған адам өлді

Бейнежазба
1 449 просмотра


Чжанцзякоу қаласының билігі өрттен қазірдің өзінде 22 адам өліп, тағы 22 адам ауруханаға жатқызылғанын растады. Hebei Shenghua Chemical  зауыты аумағына кіріп бара жатқан жүк көлігіндегі қауіпті заттар жарылып, Хэбэй провинциясындағы химиялық өндірістердің біріне жақын маңда алапат өрт шықты.

Жарылыс Чжанцзякоу қаласының Цяодун ауданында сағат 00.41 (Астана уақыты бойынша 01.41) болды, деп хабарлады РИА Новости жергілікті Paper басылымына сілтеме жасай отырып. 

 Басылымның мәліметінше, қауіпті химиялық заттар тиеген автокөлік зауыттың аумағына кіре бергенде жарылып кетіп, жалын жақын жерде тұрған көліктерге шарпыған. Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Жарылыс орнында 22 адам қайтыс болып, тағы 22-сі ауруханаға жатқызылды. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт кезінде 38 жүк көлігі мен 12 автокөлік түгі қалмай жанып кеткен.  

Әлеуметтік желілерде жойқын өрттің суреттері таралып жатыр.


Басылымға Hebei Shenghua Chemical компаниясының қызметкерлері Цяодун ауданында басқа да көптеген химиялық компания орналасқанын айтқан, олар өрттен қаншалықты зардап шеккені әзірге белгісіз. 

Олардың айтуынша, жарылыс болған автокөлік қай кәсіпорынға тиесілі екені әлі анықталмаған. Басылым атап өткендей, зауыт қызметкерлері жүк көлігі оларға тиесілі емес екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Hebei Shenghua Chemical өндірісі жарылыстан зардап шекпегенін,  алайда қауіпсіздік мақсатында тоқтатылғанын айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

28 қараша 2018, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.