Атырау, 29 қараша 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қамауда отырған 1,8 мың адамға рақымшылық жасалды

2 014 просмотра


Біріккен Араб Әмірліктерінде билеушілердің нұсқауымен Ұлттық күн мерекесі қарсаңында қамауда отырған 1,8 мың адам мерзімінен бұрын босатылады, деп хабарлайды The National

Дүйсенбі күні Әмірліктердің вице-президенті және Дубай билеушісі 625 тұтқынға рақымшылық жасады. Ал бұдан бір күн бұрын БАӘ президенті шейх Халифа қамауда отырған 785 адамды босатып, олардың қаржы борыштарын өтеуге бұйрық берді. Бұдан басқа, Шарджа билігі ондағы жазасын өтеп жүрген 182 адам, Аджманда - 90, Рас Әл Хаймда - 205 адам, Фуджайрада - 65 адамды босату туралы өкім шығарды. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күні жыл сайын 2 желтоқсан күні атап өтіледі. 1971 жылы бұл күні Әбу-Даби қаласы басқарпатын алты әмірліктер арасында тәуелсіз мемлекетті құру туралы келісім орнатылған. Жетінші әмірлік - Рас-эль-Хайма оларға 1972 жылы қосылды. 

Дереккөз: inform.kz

27 қараша 2018, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.