Атырау, 29 қараша 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Жапония F-35 ұшағының 100 данасын сатып алды

2 318 просмотра


Қазіргі таңда Токио өзінің ішкі қорғанысын нығайтып Ғ-15 ұшақтарын алмастыру үшін, Ғ-35-тің жүз данасына тапысырыс берген. Аталған келісімшарттың құны шамамен бір триллион иенге бағалануда.

Бұдан бұрын 2019-2023 жылдар арасында орташа жылдамдықтағы  қарулану бағдарламасы бойынша Жапония елі Ғ-35А ұшағының 42 данасын сатып алғандығы туралы мәлімдеген. 

Соңғы уақытта Жапония мен Ресей  арасындағы Курил аралына байланысты келісім бір нәтижеге келер емес. Охот теңізі мен Тынық мұхитының шегарасында орналасқан шағын аймақ, Хоккайдо аралы мен Камчатка жартылай аралының шегарасында орналасқан. Оңтүстік және Солтүстік деп бөлінген Курил аралы жөніндегі дау әлі күнге дейін  жалғасып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, жақын уақытта Ресей әскері Украинаның үш теңіз кемесіне шабуыл жасап, ондағы сарбаздарды тұтқынға алған болатын. Қазіргі таңда қос елдің арасындағы қақтығыс өршімесе, басылар емес. Осыны ескерген Жапон үкіметі өз шегарасын қауіпсіз етуге тырысып жатқан көрінеді.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

27 қараша 2018, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.