Украина Жоғарғы радасының депутаттары Президент сайлауы туралы қаулыға дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ukrinform сайтына сілтеме жасап.
«Украина Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 31 наурызына белгілеу туралы қаулы қабылданды», - деді Парламент төрағасы Андрей Парубий. Дауыс беруге барлығы 298 халық депутаты қатысты.
Дереккөз: inform.kz