Атырау, 29 қараша 06:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Киевтегі Ресей елшілігінің алдында наразылық шарасы өтті

1 157 просмотра


Керчь бұғазындағы жағдайға байланысты Киевтегі Ресей елшілігінің алдында 150-ден астам адам наразылық шарасын ұйымдастырды. Бетін тұмшалаған бірнеше шеруші ғимаратқа жанатын заттарды лақтырмақ болды. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Азов теңізінде ұсталған Украинаның үш кемесі Керчь қаласына жеткізілді. Атыстан жарақат алғандардың барлығы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Мәскеу болған жайтты жоққа шығармайды. Айтуынша, Украина кемелері мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып, шекара қызметкерлерінің талаптарына құлақ аспаған. Ал Киев болса осы оқиғаға қатысты елде соғыс жағдайын енгізуді жоспарлап отыр.  

Алексей Рябов, ереуілші: 

- Ресей тарапынан жасалынған әрекетке наразылығымызды білдіруге жиналдық. Өйткені атыс салдарынан Украина әскерінің 6 жасағы жарақат алды. Қазір олардың екеуі ауыр халде жатыр.

Дереккөз: 24.kz

26 қараша 2018, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.