Атырау, 29 қараша 06:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Париж халқы Макронның отставкаға кетуін талап етіп отыр

1 935 просмотра


Францияны тағы ереуілдер шарпыды. Парижде дизель салығының көтерілуіне наразылығын білдіру үшін мыңдаған адам көшеге шыққан. Олар ел президенті Эмануэль Макронның отставкаға кетуін талап етіп отыр. 

Бас көтергендерді тарату мақсатында полицейлер көзді жасаурататын газ қолданған. Жанармайға салынған салыққа қарсы ереуілдердің басталғанына бір аптадай болған. Үстіне сары киім киген халық жолдарды бөгеп жатыр.

Шеруге барлығы 300 мың адам қатысқан. Тәртіпсіздіктер салдарынан 2 адам қаза тауып, 700-ден астам кісі түрлі деңгейде жарақат алды. Полицейлер 800 адамды тұтқындады. 

Айта кетейік, Франциядағы жанармай бағасы 1 қаңтардан бастап 2,9 еуроцентке, ал дизель 6 жарым еуроцентке өседі. Жергілікті биліктің айтуынша, қоршаған ортаның ластануымен күрес мақсатында жанармайға салынған салықты көтеруге тура келген.

Дереккөз: 24.kz

25 қараша 2018, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.