Атырау, 29 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Samsung қатерлі ісікке шалдыққан қызметкерлерінен кешірім сұрады

1 598 просмотра


Samsung компаниясының өкілдері онкологиялық ауруға шалдыққан қызметкерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Компания басшысы Ким Ки Нам басшылықтың қатерлі ісік тудыруы мүмкін химикаттармен жұмыс істеудің қаупін ескермегені үшін кешірім сұрады. 

"Біз осы ауруға шалдыққан қызметкерлерден, сондай-ақ, олардың туыстарынан кешірім сұраймыз", - деді Ким Ки Нам. 

Алғаш рет бұл проблема жайлы 2007 жылы айтылған болатын. Сол кезде 23 жастағы қызметкер лейкемиядан қайтыс болған еді. Ал 2018 жылдың қарашасында Samsung зардап шеккен әр қызметкерге 132 мың доллар төлеуді міндеттеген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қараша 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.