Атырау, 29 қараша 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Финляндия басшылығы Сауд Арабиясы мен БАӘ қару сатуды тоқтатты

2 476 просмотра


Қазіргі таңда Финляндия билігі Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіне қару сатуды тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл туралы фин елінің сыртқы істер министрлігі мәлімдеп отыр. 

Сыртқы істер министрлігінің сөзінше, аталған шешім Абу-Даби мен Эр-Риядтың журналистке жасаған әрекеті мен Йемендегі гуманитарлық дағдарыстың өрбіп жатқандығынан шыққан. Бұдан сәл ертеректе Германия және Дания елдері де журналист Жамал Хашоггидің ісі толықтай бітпейінше, Сауд Арабиясына қару тасымалын тоқтататындығы туралы мәлімдеме жасаған болатын. 

Ал, 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыс Йемен елін толықтай тоқырау жағдайына алып келді. Үш жақтың арасындағы қақтығыстардан, бүгінде үш миллионға жуық тұрғын босқын болса, бірнеше миллион адам ауыз судың зардабын тартып отыр.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

23 қараша 2018, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.