Пәкістанның Карачи қаласында үш лаңкес Қытай елшілігіне шабуыл жасамақшы болған, - деп хабарлайды Reuters.
Полиция мәліметінше, олар ғимаратқа кіргенге дейін өлтірілген. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің айтуынша, жанкешті лаңкестер виза орталығына өтпекші болған.
Шабуыл кезінде екі полицей қаза тапты. Осы лаңкестік шарасы үшін сепаратистік Белуджистан әскері тобы өз мойнына алды.
Пәкістан үкіметінің мәліметінше, елшілікте жұмыс істейтін 21 адамға еш зиян келтірілмеген.
Дереккөз: tengrinews.kz