Мексикадағы Тихуана қаласының тұрғындары Орталық америкалық мигранттарға наразылық танытып, шеруге шықты. Акцияға қатысушылар келімсектер орналасқан стадион алдына жиналып, полицейлермен қақтығысқа түсті.
Шерушілер биліктен мигранттар керуенін шаһарға кіргізбеуді талап етуде. Себебі, босқындардың кесірінен қаладағы қауіпсіздік пен тазалық нашарлап, оларды асырауға қаржы көптеп кетпек. Ал қазір Тихуана қаласына 2 жарым мыңнан астам мигрант орныққан.
Алдағы күндері тағы 3 мыңға жуық келімсек келмек. Америкалық шекарашылар болса күн сайын тек 100-ге жуық босқынның өтінішін қарастыруда. Сондықтан тұрғындар келімсектер шаһарда ұзақ уақыт қалады деп алаңдаулы.
Дереккөз: 24.kz