АҚШ президенті Дональд Трамп. АҚШ президенті Дональд Трамп Американың неге дайын емес екендігін айтты.
Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасында Тихуана мэрының «қала бұдан былай мигранттарды қабылдауға қауқарсыз» деген мәлімдемесіне пікір білдірді.
«Қазір ғана Тихуана мэры қала мынандай көлемдегі мигранттарды қабылдауға қауқарсыз. Азық-түлік қорлары ұзағанда жарты жылға жетеді деп мәлімдеді. Дәл осы сияқты АҚШ-та мигранттарды қабылдауға дайын емес. Олар қылмыс пен өзгеде мәселелердің шығуына себеп болып отыр» - деді Трамп.
16 қараша күні Мексика мен АҚШ шекарасында орналасқан Тихуан қаласына Орталық Америкадан келген миграттар керуені тұңғыш рет қала аумағына жеткен. Бұған дейін 9 қарашада Дональд Трамп заңсыз келген мигранттарға АҚШ аумағына кіруге тыйым салатын заң жобасына қол қойған.
Дереккөз: "The Qazaq Times"