Македония астанасы Скопье қаласында Үкімет саясатына қарсы мыңдаған адам ереуілге шықты. Мәселен, жергілікті билік НАТО мен Еуроодақ құрамына кіру үшін Македония Республикасына жаңа ресми атау бермек.
Осыған орай парлемент ғимаратының алдына жиналған халық ел конституциясына енгізілген өзгертулерді қолдамайтынын білдіріп, премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Шеру бейбіт өтті.
Айта кету керек, жуырда Македония Республикасы мен Грекия арасындағы келісім бойынша, ел атауын «Солтүстік Македония» деп ауыстыру керек деген шешім қабылданған болатын. Көршілес екі мемлекет арасында Македонияның ресми атауына қатысты дау 30 жылдан бері жалғасып келеді.
Греция өз аймағындағы Македония облысымен шатастырмау үшін ел атауын өзгертуді талап етіп отыр. Ал Македония республикасының халқы елдің конституциялық атауын әлемнің 142 мемлекеті мойындап отырғанын алға тартып отыр.
Дереккөз: 24.kz