Атырау, 29 қараша 08:59
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Солтүстік Кореяға Трамп саясатына сенбеуге кеңес берілді

Бейнежазба
1 848 просмотра

Оңтүстік Кореяда он бір елдің, оның ішінде Қазақстаннан келген сарапшылардың қатысуымен халықаралық симпозиум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 

Форумының ерекшелігі – оған Солтүстік Корея делегациясының қатысуы. Қос Корея өкілдерінің кезекті кездесуі оңтүстіккореялық оппозициясының назарын аудартты. Олар Сеулден отыз шақырымдай жерде орналасқан Ильсан қаласына келіп, Солтүстік Кореяға қарсы ұрандарын жаудырды. 

Бірақ оңтүстікте солтүстікке қарсы наразылық акциялары жиі өткізіледі. Өйткені жергілікті тұрғындардың бір бөлігі, әсіресе аға буын өкілдері солтүстікпен  бірігуді қолдамайды. Пхеньяннан келген бес саясаткердің алғашқы сапары үлкен алаңдаушылық туғызды. Симпозиум ұйымдастырушылары КХДР сарапшыларының келу себебін  түсіндірді. 


Ан Бу Су, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік үшін қауымдастығының төрағасы:

- Бұрын Жапония Тынық мұхиты және Азия аймағы тұрғындарының күштеп еңбегін пайдаланды. Бұл – Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдерінің қатысуымен өткен алғашқы форум. Осында екі ел Жапониядан ресми түрде зорлық-зомбылық жасағандығын мойындауды және сол үшін кешірім сұрауды талап етті. 

ҚХДР делегациясын Солтүстік Кореяның  Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік комитеті төрағасының орынбасары Ри Джон Хёк бастап келді. Оның қарсылас елге келуі қос Корея арасындағы қарым-қатынастың жандана бастағанын көрсетті. Осы ретте симпозиумға қатысушылар Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін талқылап, ой-пікірін білдірді. 

Чон Се Хён, Корея Республикасының бірігу жөніндегі экс-министрі: 

- Солтүстік Корея Трамп Буштың Ливияға қарсы антиядролық саясатын қайталауы мүмкін деп алаңдайды. 2003 жылы АҚШ Каддафиге ядролық қарусыздандырудан кейін өтемақы береміз деп уәде берген. Бірақ 2011 жылы оны қатыгездікпен өлтірді. КХДР ядролық қарусыздандыру мәселесін АҚШ-пен ғана емес, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Жапония қатысуымен алтыжақты форматта шешуі тиіс. 

Симпозиумға қазақстандық сарапшылар да шақырылды. Осылайша Оңтүстік Корея еліміздің Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздікке қосқан үлесін атап өтті. 

Ескендір Ақылбаев, Қазақстанның Сыртқы байланыстар жөніндегі Кеңесінің атқарушы директоры: 

- Бізге бұл тақырып етене жақын. Және біз бұл мәселені бірлесіп, ұжымдық шешу жолдарын ұсына аламыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі алаңдарда жаһандық және корей мәселесін шешу бойынша түрлі бастамаларды көтеріп, түйткілдің түйінін тарқатуға шақырады. 

Симпозиум аясында Солтүстік Корея басшысының Сеулге жасайтын алғашқы сапары талқыланды. Сонымен қатар қос Корея өкілдері арасындағы байланыс артып келеді. Делегаттар айына бірнеше рет кездеседі. Кезекті  іс-шара бүгін КХДР-да өтеді. Қос Корея өкілдері  Кымган тауларына туристік бағыттың ашылуына жиырма жыл толуын атап өтеді.

Дереккөз: 24.kz

19 қараша 2018, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.