Атырау, 29 қараша 09:00
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Еурокомиссия Италияға бюджеті үшін санкция жариялады

1 445 просмотра


Еуропалық комиссия Италияға 2019 жылға арналған ел бюджетіне байланысты тәртіптік шара қолданылатыны туралы жариялады. Қаржылай көмекті қысқарту және айыппұл салуды қарастыратын бұл шара қарашаның 21-інде қолданысқа енеді деп хабарлайды Reuters.

Еуропа Одағы тарихта алғаш рет одаққа мүше мемлекеттердің бірінің бюджет тапшылығы туралы жобасын жоққа шығарып отыр. Брюссель Римге жобаға түзету енгізуді, мысалы, бюджет тапшылығын 1,8 пайыз көлемінде белгілеуді ұсынады. Италия үкіметі бюджетті өзгертуден бас тартып, тапшылық мөлшерін 2,4 пайыз деңгейінде қалдыруды жөн санайды.

Бұған қоса, Италия билігі қосымша құн салығын көтеруден бас тартып, базалық кіріс мөлшерін енгізуді және зейнетақы жасын азайтуды ұсынған. Үкімет мұндай бюджет жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді дейді. Италия ішкі істер министрі Маттео Сальвини "егер Еуропаға бұл ұнамаса, Рим бәрібір өз қалауынша істейтін болады" деп мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

17 қараша 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.