«Си-Эн-Эн» Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен оның әкімшілігін телеарна журналисі Джим Акостаны Ақ үй аккредитациясынан айырғаны үшін сотқа берді.
Акоста 7 қараша күні өткен баспасөз мәслихаты кезінде Трамптың сайлауалды сөзінде мигранттарды неліктен «жаулап алушылар» деп атағанын сұраған. Сонымен қатар «Трамп Ресеймен байланысы бар деген істен қауіптенбей ме» деп те сұрақ қойған.
АҚШ президенті Акоста сұрақтарына жауап беруден бас тартып, оны «дөрекі адам» деп атаған. Осыдан кейін тілшінің Ақ үйге кіруіне тыйым салынған еді.
Дереккөз: 24.kz