Атырау, 29 қараша 08:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Аустрия канцлері ресейлік тыңшыға қатысты мәлімдеме жасады

1 729 просмотра
Аустрия канцлері Себастьян Курц. Фото: cdn.iz.ru
Вена аустриялық әскери қызметкерді «Мәскеу тыңшысы» деп мәлімдесе де, ресейлік дипломаттарды елден шығармайтын болды. Бұл туралы «Kronen Zeitung» газетінің ресми сайты хабарлады. 

14 қарашада өткен баспасөз мәслихатында Аустрия канцлері Себастьян Курц тыңшылық әрекеттерге тосқауыл қоятынын және Ресеймен байланысты сақтайтынын айтты. Күдікті қолға түскен соң, айыбын мойындаған. Осыдан кейін Курц Ресейдің бұл әрекетін сынға алып, «тыңшылықтың шегіне» балады.

Сондай-ақ Аустрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдің Ресейге жоспарланған сапары тоқтатылды. Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі Вена отставкадағы полковниктен күдіктенсе, алдымен тікелей Мәскеуге хабарлауы тиіс еді деген. 

Еске сала кетейік, 9 қарашада Венада «Ресей тыңшысы» қамауға алынған болатын. Аустрия армиясының 70 жастағы отставкадағы полковнигі арнайы барлау кезінде қолға түскен. 

Мәліметтер бойынша, ұсталған полковник өзінің ресейлік басшысына «Аустрия әскери барлау қызметі, артиррелия, авиацияға қатысты мемлекеттік құпия мәліметтерді» Ресейге жасырын түрде жіберіп отырған және «өз міндетін мінсіз атқарған». 20 жыл бойғы тыңшылық қызметі үшін оған 300 мың еуро көлемінде қаржы төленген. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

15 қараша 2018, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.