Кешелі бері Қытайдың бірнеше қаласын түтін тұмшалап, ауаның ластануы байқалды. Бүгін Бейжіңде қауіптің «сары деңгейі» жарияланды. Өйткені бір текше метрге тараған зияндық қалдықтың мөлшері 260 микрограмға жеткен.
Бейжіңде күн суытып, жылыту мауысымы басталғанда сұр түтін, түрі суық қаптайды аспан. Күз болып, қауіпті қалдық ауаны басқан. Ресми мәлімет бойынша, ауаның ластануы Бейжің және солтүстік аймақтарда осы аптаның соңына дейін жалғасады. Мұндай күндері халықты алдын ала хабарландыру үшін қауіпті төрт түрлі түспен белгілейді. Қазір «сары түсті» ескерту жарияланды. Ауадағы зиянды қалдықтардың мөлшері бір текше метрге 260 микрограмнан асып кетті.
Дэниель, Бейжің тұрғыны:
- Мен Бейжіңде тұрып жатқаныма 3 жыл болды. Ауаның ластануы бәріне жаман деп ойлаймын. Мұндай кезде міндетті түрде маска киіп шығамын.
Чжин Гуои, Бейжің тұрғыны:
- Түтінді күндері үйде көбінесе ауатазартқыш қосып отырамыз. Кешеден бері Бейжіңде осындай қалың түтін басып тұр. Бірақ өткен жылдармен салыстырғанда түтін азайған сияқты.
Ян Дун, Бейжің тұрғыны:
- Осындай түтін басқанда көңіл-күйім түсіп кетеді. Таңертеңнен бері күннің көзі көрінбейді. Бүгін маска киіп шығуды да ұмытып кетіппін.
Мұндай күндері балаларға, қарияларға және тыныс жолдары ауыратын, жүрегі дімкәс жандарға далаға шықпай, жабық ғимаратта отыруға кеңес беріледі. Қытай үкіметі 2013 жылдан бері ауаның ластануымен күресіп келеді. Билік қысқы олимпиада өтетін 2022 жылға дейін қоршаған ортасы ең таза елдердің бірі боламыз деп уәде берген болатын.
Өткен жылдан бері Бейжің-Хэбэй-Тяньцзин аймағында экологияны ластайтын зауыттар, соның ішінде көмір стансалары, болат балқытатын кәсіпорындар жабылды.
Дереккөз: 24.kz