Таяу Шығыста Палестинаның ХАМАС ұйымы Израильмен бітімге келуге әзір екенін айтты. Ал оларды татуластыру үшін Мысыр қол ұшын созбақ.
Израиль тарапы болса қарулы қақтығыстың жалғасуы не тоқтауы палестиналықтардың әрекетіне тікелей байланысты болатынын айтады.
Естеріңізге салайық, Таяу Шығыста атыс-шабыс үшінші күн қатарымен жалғасып келеді. Тараптар бір-біріне оқ жаудырып, бомбалап жатыр.
ЦАХАЛ-дың айтуынша, Палестина тарапынан Израильге бір күннің ішінде 460 зымыран мен снаряд жіберілді. Израиль тарапы да қарап қалған жоқ. Бұл елдің әскери әуе күштері Газа секторына әуеден жауапты соққы берген.
Дереккөз: 24.kz