14 қарашада сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін Қазақстанның барлық мектептерінде мұғалімдер латын әліпбиі бойынша диктант жазады. Атырау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бердібек ТАИШЕВТІҢ айтуынша, «Рухани жаңғыру» деп аталатын диктант мәтінінде шамамен 90 сөз бар. Ол emle.kz және tilalemi.kz сайттарында аудижазбалармен беріледі. Әрбір ниет білдіруші Мұғалімдермен бірге өз күшін сынап көре алады.
Әлеуметтік желілерде біреудің жаңа жазылған диктанты тарап кеткен, алайда оның дұрыстығын сәл кейінірек аталмыш сайттардағы бағалау шкаласы бойынша бағалауға болады.
Айта кету керек, бірінші ауысымда оқитын балаларға тек екі сабақ қана болады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА