Атырау, 29 қараша 08:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Венесуэла мен Колумбия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа сызат түсті

1 578 просмотра


Венесуэла Колумбия үкіметін дипломатиялық қарым-қатынасты бұзды деп айыптайды. 

Жуырда осы елдің ұлттық ұлан сарбаздары шекара маңында Колумбияның «Ұлттық азат ету әскері» тобының көтерілісшілерімен қарулы қақтығысқа түскен болатын. 

Салдарынан 3 адам ажал құшты, тағы 9 адам зардап шекті. Богота болса болған оқиғаға еш қатысы жоқ екенін айтып, барлық жауапкешілікті топтың көтерілісшілеріне артқан. 

Ал Венесуэланың сыртқы істер министрі Колумбия билігін ел ішіндегі қарулы топтарды өз бақылауында ұстауға шамасы келмейді деп кінә артып отыр.

Дереккөз: 24.kz

13 қараша 2018, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.