Атырау, 29 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Жапонияда жаңа император таққа отыратын күн ұлттық мерекеге айналады

1 451 просмотра


Жапонияда жаңа император таққа отыратын күн ұлттық мерекеге айналады. Парламент арнайы заң қабылдағаннан кейін жапониялықтар қатарынан 10 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Kyodo агенттігіне сілтеме жасап. 

Жапония үкіметі сейсенбіде бекіткен заң жобасына сәйкес, тақ мұрагері Нарухито ел императоры болатын 2019 жылғы 1 мамыр ұлттық мереке деп жарияланады. Келер жылдың 22 қазан күні де осындай мәртебеге ие. Бұл күні император сарайында жаңа монархты таққа отырғызу салтанаттары өтеді. 

Айта кетейік, 1 мамыр және 2 қазан күндері тек 2019 жылы ғана мереке ретінде тойланады. Жапонияның қазіргі императоры 84 жастағы Акихито тақтан түсетінін 2016 жылы жариялаған болатын. Ұлттық заңнамаға сәйкес, монарх тақта өмірінің соңына дейін отыруы тиіс, алайда Акихито қартайғандықтан, өзі осындай шешім қабылдаған. 

Император 2019 жылдың 30 сәуірінде тақтан түсіп, ертеңіне оның үлкен ұлы, 58 жастағы Нарухито жаңа император болады. 

Дереккөз: inform.kz

13 қараша 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.