Атырау, 29 қараша 08:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Макрон: Еуроодақ елдері долларға тәуелді

2 539 просмотра


Франция президенті Эммануэль Макрон: «Еуроодақ елдері долларға тәуелді» - деп мәлімдеді. Макронның сөзінше, Еуроодақ елдері АҚШ долларына тәуелділігінен әлі арылған жоқ және осы уақытқа дейін оны алмастыратын валюта ойлап тапқан жоқ.

«Менің ойымша, қазір Еуропада долларды алмастыратын валюта жоқ. Неге дейсіздер ме? Өйткені АҚШ доллары әлем бойынша үлкен күшке айналды. Еуроодақ осы уақытқа дейін еуроны доллардай күшті валюта етіп қалыптастыра алған жоқ. Сол себепті де көптеген еуропалық компаниялар долларға тәуелді» - деп мәлімдеді Макрон. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей билігі АҚШ долларынан бас тарту жөнінде бастама көтерген. Бірақ олардың бұл бастамасы алпауыт компаниялар мен өзге де одақтас мемлекеттер тарапынан қолдау таппай, «утопиялық жобалар» тізіміне енген. АҚШ долларынан бас тартып, оның орнына жалпыға ортақ өзге валюта ойлап табу жөнінде 2009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Дағдарыс кілті» мақаласында айтқан. Назарбаевтың сөзінше, доллар өзінің миссиясын атқарып болды және дәл қазір әлемде қалыптасқан қаржы жүйесі барлығына тең, әділ жұмыс істеп тұрған жоқ.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

12 қараша 2018, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.