Атырау, 29 қараша 08:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ресей АҚШ-пен зымыран туралы келіссөзді қайтадан бастамақ

2 682 просмотра


Ресей АҚШ-пен зымыран келісімі бойынша келіссөздерді қайта бастамақ ниетте. Бұл туралы Владимир Путин Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуына орай Францияда ұйымдастырылған сапарында айтты. 

Алайда Дональд Трамппен сөйлесудің сәті түспеді. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, оған Франция президенті Эмануэль Макрон бөгет жасаған көрінеді. Енді Владимир Путин бұл келесімді Ақ үй басшысымен Аргентинада өтетін  G20 саммитінде талқыламақ. 

Естеріңізге салайық, орта және қысқа қашықтықтағы зымырандардың көзін жоюға байланысты келісім 1987 жылы жасалған. Құжат КСРО мен АҚШ арасындағы қырғи қабақ соғыстың аяқталуына негіз болды. Енді АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей тарапын келісімді бұзды деп айыптап жатыр.

Дереккөз: 24.kz

12 қараша 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.