Атырау, 5 маусым 21:30
 дождьВ Атырау +25.4
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

​Нетаньяху Франциядағы сапарынан Израильге шұғыл оралды

1 693 рет қаралды


Газа секторы мен Израиль шекарасындағы жағдай ушығып барады. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Хан Юнус қаласында арнай операциясының нәтижесінде бірнеше мәрте жарылыс болып, ХАМАС ұйымының 6 адамы қаза тапты. 

Тағы 7 палестиндік жарақат алған. Израильдің әскери күштері жергілікті тұрғындарды бомбадан қорғану үшін арнайы жасалған жерде отыруын алдын ала ескертіп қойған. Палестиналықтар қарсыластарына жауап ретінде 10-ға жуық зымыранмен бомбалаған. Израиль жасағы оның екеуін жолдан қағып үлгерді.

Аймақта қарулы қақтығыс болуына байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жылды тойлауына орай Францияға кеткен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шұғыл елге оралуға бел буды.

Дереккөз: 24.kz

12 қараша 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.