Атырау, 25 қараша 14:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Дәрменсіздік - мінез-құлқыма жат нәрсе"

2 677 просмотра


Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданында мүгедектерге арналған спорттық оңалту орталығы ашылды. Бұған ірі мұнай компаниясының біріндегі әлеуметтік жобалар байқауында жеңіске жетіп, 5 жыл мерзімге пайызсыз несие ретінде бір жарым миллион теңге алған 26 жастағы Ильяс ҮСЕНОВ себеп болды.

- Ильяс, қалай болғанын әңгімелеп берсеңіз...

- Бірнеше жыл бұрын жазатайым жағдайға душар болдым. Сегіз метрлік биіктіктен құлап, омыртқамды жарақаттап, жұлынымнан зақым алып, жүре алмай қалдым. Бірінші топ мүгедектігін алып, бір жылдай төсекке таңылдым. Ауыр болды, бастапқыда күйзеліске түсіп кеттім, мұны осындай жағдайды бастан кешірген жандар ғана түсіне алады. Енді өмір бойы осылай дәрменсіз мүгедек болып қаламын ба? Бұл менің мінез-құлқыма жат нәрсе. Үш ай Астанада оңалтудан өтіп, жақсарып қалдым. Әрі қарай тек мен ғана емес, осындай жандардың қозғала беру керектігін түсіндім. Сөйтіп, байқауға қатысып, ұтып алдым. Енді өзіме де, өзгеге де көмектесемін.

- Сіздің орталыққа тегін баруға бола ма?

- Бұл жағдайға байланысты. Сіз дұрыс түсініңіз, мен көп сұрамаймын, несиені жабуым керек қой.

- Ал қызметкерлер ше?

- Қызметкерлерден Астанада оқыту тренингтерінен өткен екі адам болады. Олар мен зақым алған сәттен бастап маған қол ұшын беріп, қолдап жүрген достарым.

- Ильяс, қалай ойлайсың, Атырауда мүгедектерге кедергісіз қозғалу мүмкіндігі бар ма?

- Өкінішке орай, қаламыз бұған бейімделмеген, сіздің өзіңіз де бұл туралы көп жаздыңыз ғой.

Бүгінде Ильястың қол астында дененің әр бөліктерін оңалтуға арналған он бес шақты арнайы жаттығу құралдары бар. Ильяс өз орталығына адамдар тек дене жаттығуларын жасау үшін ғана емес, кейде мүмкіндіктері  шектеулі жандар үшін жетіспейтін қарым-қатынас орнату үшін де келеді деп үміттенеді.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

10 қараша 2018, 23:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.