Атырау, 5 желтоқсан 12:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Әуелі көмектесіп, соңынан өлтірді

2 683 рет қаралды


Қазанның аяғында Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында жеке үй салынып жатқан жерде пышақ жарақатын алған 31 жастағы жергілікті тұрғынның мүрдесі табылды. Бірнеше күннен кейін жергілікті ЖШС-лердің бірінде жүргізуші боп жұмыс жасайтын 36 жастағы көршісі ұсталды.

Оқиға желісі былай болған: ер адам үй салған, оған көршісі көмектеседі. Күндердің күнінде демалып алу үшін әдеттегідей үзіліс жасап, отырып ішімдік ішеді. Екеуі сөзге келіспей қалып, көршісі асүй пышағын құрылыс қожайынының жамбасы мен арқасына  салып алады. Әлгі сол жерде көз жұмады.

- ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Күдікті ұсталып, Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Полиция департаментіндегілер.

Фархат ӘБІЛОВ

10 қараша 2018, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.