Атырау, 29 қараша 08:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​«Дивали» мерекесінен кейін Үндістандағы экология бұзылды

Бейнежазба
1 678 просмотра


Үндістандағы «Дивали» діни мейрамынан соң елде экологиялық апатты жағдай қалыптасып, адамдардың өміріне қауіп төнді. Кеше аталып өткен мейрам кезінде тұрғындар отшашуларды аспанға атып, Нью-Делиді түтінге толтырды. 

Тіпті көгілдір аспан көрінбей қалған. Шаһарда мыңдаған жұмысшылар  көшелер мен талдарға су себуде. Бірақ бұдан пайда шамалы. Себебі тұрғындар отшашуларды әлі атуда. Дәрігерлер жағдайдың ушыға түсетінін айтады. 

Василий, саяхатшы:

- Кеше адамдар күні бойы отшашулар атты. Көшеге шыққанымда тұрғындардың көбі респиратор тағып алғандарын көрдім. Үндістанға келгенде мұндай көрініске куә болам деп ойламаппын. Бұл адам денсаулығына өте зиян ғой. 

Кей Кей Аггарвал, Үндістан медициналық қауымдастығының бұрынғы басшысы: 

- Синоптиктер алдағы үш күнде жел соқпайтынын айтады. Жаңбыр жаумай күн ыстық болса дәрігерлерге бұл күндер ауыр тиейін деп тұр.  Ал Үндістан осындай экологиялық жағдайлардан болған адам өлімі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Жыл сайын бұл мемлекетте ауаның, судың және топырақтың ластануынан 9 миллион адам көз жұмады.



Дереккөз: 24.kz

9 қараша 2018, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.