Калифорнияның Саузенд Оукс қаласындағы барда атыстан 12 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында бір тәртіп сақшысы бар.
Ол Саузенд Оукс шерифінің орынбасары Рон Хелус. Полицей 29 жылғы қызметінен соң таяуда зейнетке шыққалы отырған. Қанқұйлы қырғын кезінде тағы 10 адам жараланған.
Қылмыскерге келер болсақ, бұл АҚШ теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп, запасқа кеткен 28 жастағы Иэн Дэвид Лонг болып шықты. Атыстан кейін оның мәйіті бардың ішінен табылды.
Дереккөз: 24.kz