Атырау, 25 қараша 14:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сот хроникасы

2 466 просмотра


Қызылқоға аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы (Атыс қаруын заңсыз сақтау) бойынша үкім шығарды. Сотта анықталғандай, Қызылқоға АІІБ қызметкерлері Б.С. үйінен Sauer маркалы тіркелмеген аңшы қаруын тауып алған. Б.С.-ның айтуынша, ол әкесінің қаруы екен, ол қайтыс болғаннан кейін қаруды тапсыру немесе қайта тіркету керектігін білмеген. Сотталушыға 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды, қару жойылуы тиіс.

***

Құрманғазы аудандық соты К.Ж.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 420-бабы (Көрiнеу жалған айғақтар) бойынша үкім шығарды. Сотта анықталғандай, К.Ж. танысына қатысты әкімшілік іс бойынша өткен сот отырысында куәгер ретінде танысының рөлде сау күйде отырғаны туралы жалған айғақ берген. Ал іс жүзінде танысы мас күйде болған. К.Ж. кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

***

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282-бабы (Алкоголь өнімінің айналымы шарттарын бұзу) бойынша іс қарады. «Dionis» алкомаркетін салықтық тексеру барысында жалпы сомасы 547 150 теңгелік 927 бөтелкені жөнелтпе құжаттарсыз сақтау және өткізу фактісі анықталды. Сот алкомаркет қожайынына 126 263 теңге көлемінде айыппұл салды.

***

Махамбет аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  200-бабы (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады. Биылғы жылдың қыркүйегінде Талдыкөл ауылындағы азық-түлік дүкенінде сатушы сатып алушыға кешкі сағат 11-де арақ бөтелкесін сатқан. Ал күшті спирттік ішімдікті сату сағат 21.00-де аяқталуы тиіс. Сатушыға 67 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.

***

Махамбет аудандық сотында азамат Е.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеу материалдарына сәйкес, шілденің түнінде Бейбарыс ауылында Е. Бөтен үйдің ауласына кіріп, «ВАЗ-2199» маркалы автомобильдің жүксалғышын ашып, домкратты және жалпы құны 15 мың теңге тұратын түрлі кілттер жиынтығын ұрлап кеткен. Зардап шегуші құқық бұзушыға кешірім беріп, сот қылмыстық істі тоқтатты. 

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

9 қараша 2018, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.