Атырау, 29 қараша 09:56
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Польша Еуроодақтан шығарылуы мүмкін

2 107 просмотра


Еуроодақ пен Польша арақатынасы Полекзитпен аяқталуы мүмкін. Польшада өтіп жатқан реформа осыған мәжбүрлейді. Онда басқарушы партияның елдегі сот жүйесін жаңарту шешімі, Еурокомиссияның көңілінен шықпады. 

Себебі қабылданған жаңа заң бойынша судьяларды тағайындау өкілеттігі әділет министрлігіне тиесілі болмақ. Еуроодақ мұның соңы поляк сотының тәуелсіз шешім қабылдауына кедергі келтіреді деген пікірде. Сондай-ақ Польшаның мигранттарды қабылдаудан бас тартуы тіпті отқа май құйғандай болды.  

Дональд Туск, Еуропалық Кеңес президенті: 

- Мен Польшаны ес жиып, дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. Ярослав Качиньскийдің қателігінен мемлекет Одақтың мүшелігінен айырылуы мүмкін. Полексит орын алған жағдайда мемлекеттің экономикасы құлдырайды. Польша ЕуроОдақтың талаптарын қабылдамаса, оны ығыстыра салу оңай. Мемлекет қауіптің алдында тұр.  

Ал Ұлыбритания Brexit-тен соң ел экономикасын тұрақтандыру үшін бес бірдей кеңес құрмақ. Премьер-министр Тереза Мэй осылай деп мәлімдеді. 29 наурызда ЕуроОдақтан бөлінетін мемлекет соңында құр алақан қалуы мүмкін. Сол себепті бизнес әлеуетін арттыруға кріскен. Бірақ, сарапшылардың пікірінше Біріккен Корольдік Одақтан іргесін аулақ салса, оған ешқандай кеңес көмек бола алмайды.

Лиам Фокс, Ұлыбританияның халықаралық сауда ісі жөніндегі мемлекеттік хатшысы: 

- Ұлыбритания премьер-министрі Брексит 95 пайызға аяқталды дегеніне қарамастан, тараптардың келісімге келуі екіталай. Біріккен Карольдік Ирландиямен ардағы шекара мәселесін шешіп, қалайда келісімге келуге талпынып отыр. Олай болмаған жағдайда, экономикаға айтарлықтай шығын келеді. Бизнес-қауымдастық бас көтеруі де мүмкін. Сол себепті келісімге келеміз деген үміттеміз. 

  Ұлыбританияның бұл мәлімдемесінен соң Польша мүмкін ойланар. Бірақ іргесін бөлем десе ЕуроОдақ ұстап қалмасы анық. Ал, Түркия 2005-ші жылдан бері ЕуроОдақ құрамына кіре алмай әлек. Оған қатысты келіссөздер де тығырыққа тірелді. ЕО-тың кеңейту және көршілік саясаты жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Түркияны Одақ құрамына жолтпауды жөн санайды. 


Йоханнес Хан, ЕО-ның кеңейту және көршілік саясаты жөніндегі комиссары: 

- Түркия мен Еуроодақ уақытты алмай, келіссөздерді доғаруы тиіс. Әркім өз жолымен жүргені дұрыс деп санаймын. Себебі болашақта Түркия Одақ мүшесі болады деу шындыққа жанаспайды. Франция президенті Эмманюэль Макрон «келіссөздерге қол жеткізу мүмкін» дейді. Бірақ бұл жүзеге аса қояды деп ойламаймын.  

Франция президенті Эмманюэль Макрон Түркияны жақтағанымен, қазір қолдауға  мұршасы жоқ. Ол АҚШ, Қытай, Ресейге қарсы әскер құрмақ. Макронның айтуынша тіпті Құрама Штаттарға да сенім жоқ. Себебі келісімдерден шығып, өз қаруын сайлап жатыр. Мұның соңы Кәрі Құрлықтың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Эммануэль Макрон, Франция президенті: 

- Егер біз ортақ еуропалық әскер жасақтамасақ, кәрі құрлықты қорғай алмаймыз. Бізде АҚШ-сыз да өзін қорғайтын Еуропа болуы керек. Қазір көбі Еуропаның ішкі демократиялық үдерісіне араласып, киберқауіпсіздікке қатер төндіргісі келеді. Сол себепті қорғануымыз керек. Қытайдан, Ресейден және Құрама Штаттардан. 

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Франция президентінің мақсаты біреу. Қазір ЕуроОдақта көшбасшы болуға тартыс басталды. Ал, Париж еуропалық үдерістердің барлығын өзі басқарғысы келеді. Расында Brexit-тен кейін Ұлыбритания ығысса, Франция БҰҰ Қаупісіздік кеңесіне мүше, толық қауіпсздік кешені бар одақ құрамындағы жалғыз еуропалық мемлекет болып қалмақ. Францияның шет елдік әскери базасы бар екенін де еске салайық. 

- Ортақ әскер құру бастамасын Одаққа мүше өзге мемлекеттер қалай қабылдады? 

- Жалпы бұл бастама бұрыннан сөз жүзінде айтылып жүрген еді. Енді Трамп 1987 жылғы келісімнен шығатынын мәлімдеген соң әркім өзін ойлай бастады. Макронның бастамасын алғаш болып Германия Канцлері Ангела Меркель қолдады.

Дереккөз: 24.kz

8 қараша 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.