Атырау, 10 қазан 02:07
 дождьВ Атырау +16
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​АҚШ Конгресі тарихындағы ең жас әйел депутат сайланды

2 235 рет қаралды


Демократтар партиясының мүшесі Александрия Окасио-Кортес АҚШ Конгресіне сайланған ең жас әйел болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CNN-ге сілтеме жасап. 

29 жастағы Окасио-Кортес Өкілдер палатасына Нью-Йорк штаты округтерінің бірінен сайланған. Бұрынғы «рекорд» оның партияласы 30 жасында Конгресс мүшесі болған Элис Стефаникке тиесілі еді. 

Окасио-Кортес АҚШ Конгресіне биылғы аралық сайлауда ел назарын аударған жалғыз әйел емес. USA Today хабарына сүйенсек, демократтар - Ильхан Омар мен Рашида Тлаиб АҚШ Конгресіндегі алғашқы мұсылман әйелдер атанған.

Дереккөз: inform.kz

7 қараша 2018, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.