Атырау, 29 қараша 09:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​ЕО Түркияның Еуроодаққа кіруі мүмкін емес екенін мойындады

2 132 просмотра


Еуропалық одақты және көршілермен жақсы қарым-қатынас саясатын кеңейту жөніндегі еуропалық комиссар Йоханнес Хан Түркияның Еуропалық одаққа болашақта мүше болуы мүмкін емес" деп мәлімдеді. 

Германияның «Die Welt» басылымына сұхбат берген Йоханнес Хан Түркияның ЕО-ға мүшелікке кіру жөніндегі келіссөзді тоқтатып, өзге стратегиялық әріптестермен жұмыс істеуі әділетті болар еді деп атап өткен. Хан қазіргі уақытта Түркия билігімен еуропалық интеграция уақытша тоқтап тұр деді. 

Түркияның Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздері 2005 жылы басталған. Йоханнес Хан содан бері Түркия автократиялық бағытқа бет алып барады дейді. Франция мен Австрия Түркияның Еуроодаққа кіруіне үзілді-кесілді қарсы. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

7 қараша 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.