Атырау, 10 қазан 02:05
 дождьВ Атырау +16
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​ЕО Иранмен жасасқан ядролық келісімді бұзбайды

1 396 рет қаралды


Еуроодақ халықаралық серіктестерімен бірге Иранмен жасасқан ядролық келісімді бұзбайды. Бұл туралы Брюссельде Еуроодақ кеңесінің экономика мен қаржы мәселесі бойынша өткен отырысында айтылды. 

Сондай-ақ Еуроодақ елдерінің министрлері осы салада барлық қаржы операциялары әрі қарай жалғасатынын тілге тиек етті. Еурокомиссияның хабарлауынша, қазір ядролық келісімде өзгерістер енгізудің еш қажеттілігі жоқ. 

Маргаритис Схинас, Еурокомиссияның ресми өкілі: 

– Еуроодақтың ұстанымы айқын. Иран ядролық келісімнің міндеттемелерін бұзбайынша, біз де оларды бұлжытпай орындайтын боламыз. Оны атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ 12 мәрте дәлелдеген болатын. Еуроодақ халықаралық серіктестерімен бірге келісімді сақтап қалу үшін әрекет ететін болады.

Дереккөз: 24.kz

7 қараша 2018, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.