Атырау, 29 қараша 09:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Австралияда жасөспірімдер кәмелетке толмағандарға арналған колонияны басып алды

1 645 просмотра


Австралиядағы кәмелетке толмағандарға арналған орталықта жасөспірімдер қызмет көрсетушілерге шабуыл жасап, ғимаратты басып алды. Бұл туралы Sky News хабарлайды. 

Телеарнаның хабарлауынша, қамауда отырған жасөспірімдер бүкіл ғимаратты басып алған. Олар пышақ және тез тұтанатын заттармен қаруланған. Мекеменің екі қызметкері шабуыл барысында зардап шекті. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында орталықтан ұрыс-керіс, жанжалдың даусы шығып жатқаны айтылған. SBS телеарнасының хабарлауынша, оқиға орнында кемінде 15 полиция көлігі жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ суреттерде орталықтан түтіннің шығып жатқаны да айқын көрініп тұр.

Дереккөз: inform.kz

7 қараша 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.