Атырау, 24 желтоқсан 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қазақстандықтарға екі ай бойы Тайландқа виза тегін беріледі

1 448 рет қаралды


Тайланд билігіндегілер туристерді тарту мақсатында виза үшін төлемді алып тастады. Бұл 21 мемлекеттің турисіне қатысты, олардың ішінде Қазақстан да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін туристер әуежайда 2 000 бат төлесе, енді олар бұл төлемнен босатылады. Сондай-ақ, турист 15 күнге келген болса немесе дәл туристік маусымда 1 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында келсе, виза үшін төлемейді екен. 

Басылымның мәліметінше, Тайланд билігіндегілер Украина, Румыния, Қазақстан және Қытай туристерін қызықтырмақшы. Осылайша, туристердің саны кем дегенде 30 пайызға көбейетіні айтылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Тайландқа 28 миллион шетелдік турист келген.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қараша 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.