Жамал Хашоггидің балалары Сауд патшасымен кездесуі. Фото: Independent.ie. Стамбулдағы Сауд Арабиясының елшілігінде өлтірілген журналист Хашоггидің балалары CNN арнасына сұхбат беріп, әкелерінің мәйітін қайтармайынша осы істі қузауды тоқтатпайтындарын айтты.
Жамал Хашоггидің ұлдары Салах Хашогги (35 жаста) мен Абдуллаһ Хашогги танымал телеарнаның сұхбатын қабылдады. Олар Сауд Арабиясының билігінен әкесінің мәйітін қайтаруды талап етуде.
Олар сөзінде: «Әкеміз батыл, әрі мәрт, мейірімді адам еді. Қазір біздің бар тілегіміз әкеміздің сүйегін Мединадағы әл-Бақи мазарындағы туыстарымыздың жанына жерлеу. Оның мәйітін бізге қайтармайынша отбасымыз аза тұтпайды әрі бұл істе шешілмейді. Бұл туралы Сауд Арабиясының билігімен де сөйлестік», – деген.
Үлкен ұлы Салах Хашоггидің айтуынша, көптеген ақпарат құралдары және жекелер бұл істің нақты сырын Хашогги отбасындағылар біледі деп ойлайтынын, алайда, істің шын сыры Хашогги отбасына да беймәлім екенін айтады. Ол және отбасының басқа мүшелеріне қарайласу мақсатында Уашингтоннан Стамбулға қоныс аударғысы келетінін де білдірді.
Салах Хашоггидің ендігі үміті король Салманның берген уәдесінде. Сауд Арабиясының патшасы оған осы іске қатысты барлық адамның жазаға тартылатынын, әділет жағында тұратынын айтып уәде еткен.
Дереккөз: “The Qazaq Times”