Атырау, 29 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Парижде жедел жәрдем қызметкерлері шеруге шықты

2 057 просмотра


Франция астанасында жедел жәрдем қызметі өкілдері наразылық шеруіне шығып, 2 мыңға жуық көлік шаһардағы басты айналма жолдың бірін бөгеп тастады. 

Кей шерушілер полицейлерге түтендеткіш құтылар лақтырып, қақтығыс болды. Ал шараны ұйымдастырушылар үкіметтің осы саланы қаржыландыру ісін реформалауға  қарсы. Мәселе биыл қазан айында қабылданған әлеуметтік қауіпсіздік реформасы деп аталатын заңға қатысты болып отыр. 

Оған сәйкес ауруханаларға науқастарды жеткізгені үшін белгілі қаржы ғана бөлу қарастырылған. Ал шерушілер мұндай өзгерістің салдарынан ауруханалар тек ірі компаниялармен жұмыс істеп, шағын жедел жәрдем қызметтерінің жабылуына әкелуде дейді.

Дереккөз: 24.kz

6 қараша 2018, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.